Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Ресей Федерациясына жасаған ресми сапары аясында Омбы облыстық «Қайыр-ықсан» мешітінің бір топ жамағатымен жүздесіп, қандастарымызға уағыз айтты.
Бас мүфти Діни басқарманың бүгінгі жұмысымен, атқарылып жатқан игі іс-шаралар туралы баяндай келе, жамағатты бірлікке шақырды.
«Құрметті менің қандас бауырларым, сіздерге айтар насихатым – ең бастысы бірліктеріңізге бекем болыңыздар. Өздеріңіз жақсы білесіздер, кезінде қазақтың басына жеткен талай нәубетті кезеңдер осы бірлігімізге сызат түскеннен кейін болды. Бірлік бар жерде – береке бар. Бір-бірлеріңізге қамқор болыңыздар, біз әрқашан сіздерді қолдап, қолдан келгенше қамқорлығымызды аямаймыз. Осы Омбы облысы бойынша мүфтилеріңіз Бота хазрет Бакуленге қолдау көрсетіп, ортақ сауапты іс-шараларда жанынан табылсаңыздар үлкен жетістікке жетесіздер», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.
Омбы облысының мүфтиі әрі жергілікті Қазақ қауымдастығының жетекшісі Бота Бакулин Қазақстан мұсылмандары діни бамсқармасына көрсетіп келе жатқан қамқорлығы үшін жылы лебізін білдіріп, алғысын жеткізді.
ҚМДБ Баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.01.2016
4082
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру