Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Ресей Федерациясының Омбы облысына жасаған ресми сапары барысында Омбы қаласындағы Қазақстан Республикасы консулдығының басшысы Елдар Қонаевпен кездесті.
Кездесуге ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің хатшысы Ершат Оңғаров, ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, ҚМДБ Іс басқарушысы Ербосын Орын қатысты.
Консул мырза қазақстандық делегация мүшелеріне қаладағы қазақтардың бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы баяндап берді. Елдар Асқарұлының айтуынша, бүгінде Омбыда қазақтар саны 100 мыңнан асады. 8 мешіт бар екен. 10-ға жуық қазақ ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктер жұмыс істейді.
Консул Омбыдағы қазақ имамдарына қамқорлық жасап келе жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына алғысын жеткізді.
«Шеттегі қандастарға қамқорлық жасау – біздің міндетіміз. Қазір Омбы, Орынбор, Моңғолия, Алтайдағы қазақ имамдары Алматыдағы Ислам институтында білімін жетілдіріп жатыр. Шетелдегі қазақ молдаларын қазақ тіліндегі діни оқу құралдармен, діни киімдермен қамтамасыз етіп отырмыз», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
ҚМДБ Баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.01.2016
3869
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру