Ресейдің Омбы қаласында өтіп жатқан «Ислам және дінаралық келісім» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы осылай деді.
«Біз, осы орайда, дәстүрімізге, болмысымызға, діни саладағы жолымыз – ортаазиялық діни-құқықтық мектептің рөлін арттыруымыз керек», – деді Бас мүфти.
ҚМДБ төрағасы мәлімдегендей, бұрыннан қалыптасып, дала халқының болмысымен, табиғатымен бітеқайнасып кеткен діни мектеп Орта Азия мұсылмандарын ортақ мақсатқа үндейді. Діннің түп негізіне сүйенген діни ережелерді берік ұстануымыз – бірлігіміздің нығая түсуіне жаңа мүмкіндіктер туғызады.
«Осы орайда Қазақстан және Орталық Азия мұсылмандарының ортақ құндылықтарын айқындайтын, біртұтас үмметтің бағдаршамы болатын арнайы, тарихи құжаттың жобасын әзірлеуді ұсынамын», – деді халықаралық басқосуда Ержан қажы Малғажыұлы.
ҚМДБ Баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.01.2016
3689
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру