Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ғылымбек Мажиев: Бізге екі есе жауапкершілік жүктелген...»

12.01.2016 4746 0 пікір

Нұр-Мүбарак университетіндегі еліміздің түкпір-түкпірінен білімін жетілдіріп жатқан имамдар семинарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мажиев арнайы кездесті.

«Ілім алу баршамызға парыз. Біз әрқайсымыз күн сайын өз-өзімізге есеп беріп отыруымыз керек. Өз жолында қызмет етуге Алла Тағала бізді таңдағанына ризамыз. Өйткені мұндай тағдыр тек Жаратқанның сүйген құлдарына ғана нәсіп болатыны белгілі. Сондықтан біздің мойнымыздағы жауапкершілік те екі есе: Алла алдында және қоғам алдында. Ел арасындағы  сіздер атқарып жатқан міндет – тәуелсіздігімізді сақтап қалуға жасап жатқан қызмет. Ертеңгі баянды болашағымыз мына бізге тікелей байланысты. Өйткені, имандылық  бар жерде өркендеу, баянды болашақ бар. Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының басшылығымен қазір білім мен ғылымға ерекше  назар аударылып отыр. Биылғы жыл басын білім алумен бастаудың өзі соның дәлелі. Әрі қазір мың жылдық тарихы бар ата-бабаларымыздың жолымен  Орта-азиялық білім беру бағдарламасын, қазақстандық ислами мектеп үлгісін қалыптастыру жұмыстары жасалып жатыр. Елбасы Н.Назарбаевтың өзі қазір елімізге білімді де білікті мамандар қажеттігін атап өткен болатын. Сондықтан  біз өзімізге ата-бабаларымыз аманат етіп кеткен елімізді, жерімізді ертеңгі ұрпағымызға абыроймен мұраға қалдыру жолында қызмет етуіміз керек...», - деп  Ғылымбек Жәдігерұлы  біршама маңызды мәселелерге тоқталып өтті.  

Түрлі шет елдік сапарлар мен халықаралық жиындарда ислам діні, ғылымы мен білімінің қоғамға еніп жатқанын алға тартқан ҚМДБ-ның  Аппарат жетекшісі әрбір мұсылман күніне бір сағат, аптасына бір күнін білімге арнаса, қоғам дамуының нағыз үлгісі қалыптасады деген ойымен бөлісті.

Айша КЕҢЕСБАЙ,
Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру