Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдарымыз Ахмет Ясауи университетінде біліктілік жетілдіретін болады

11.01.2016 4479 0 пікір

Діни басқарманың төрт бағытқа арналған жұмыстарын жан-жақты жүйелі жүргізу мақсатында Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-не Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Діни білім және ғылым» бөлімінің меңгерушісі Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы және ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміровтар арнайы іс-сапармен барды.

Университет президенті, профессор У.Әбдібековтің қабылдауында болған Бақтыбай Қыдырбайұлы Ахмет Ясауи университеті турасындағы пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, өзінің шетелдегі іс-сапары барысында Ахмет Ясауи университетін Шетелдік ЖОО жақсы білетіндігін тілге тиек етті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмыстарымен таныстыра өтіп, Қазақстандағы имамдардың біліктілігін жетілдіру курсын  осы оқу орнында ұйымдастыруды ұсынды.

Университет басшысы бұл ұсынысты қабыл алып, алдағы уақытта Қазақстан мұсылмандар діни басқармасымен бірлесе отырып имамдардың біліктілігін жетілдіру курсын ашуға университтеттің толық мүмкіндігі бар екенін және оған қолдау көрсететінін білдірді. Мұнымен қатар, университет басшысы У.Әбдібеков 2016-2017 оқу жылына дінтану мамандығына Діни басқарма тарапынан ұсынылған талапкерлерге 15 грант бөлетіндігін атап өтті.


Түркістан Ахмет Яссауи Құран курсы орталығының жұмысымен танысты

Осыдан кейін, бөлім меңгерушісі Бақтыбай Қыдырбайұлы бастаған топ Түркістан қаласындағы Ә.Абдірахманов басшылық ететін «Түркістан Ахмет Яссауи» Құран курсы орталығында болып, оқу ордасының ғимаратымен және  оның бүгінгі жағдайымен танысты. Жалпы, бұл орталықта жатақхана, асхана, оқу сыныптары сынды мәселелер өз шешімін тапқан екен. 

Отырарда дайындық курсын ашуға мол мүмкіндіктер бар

Арнайы топ тоғыз жолдың торабында орналасқан Отырар ауданына ат басын бұрды. Онда бөлім меңгерушісі Бақтыбай Қыдырбайұлы «Арыстан баб» кесенесіне зиярат етіп, кесенеге қарсы бетте салынған аумағы 11 гектар жерді алып жатқан «Арыстан баба» мешітінде болды. Оның жанында бой көтерген рухани кешіннің жұмысымен танысты. Онда алдағы уақытта дайындық курстарын ашу мәселесіне мол мүмкіндіктер бар екендігіне көз жеткізді. Жалпы, кешенде жатақхана, асхана және дәрісханаларға орын берілген. Жылыту қазандығы кешенді түрде жұмыс істеп тұр екен.


Бұл өңірде діни білімді дамыту орталықтарын ашу өңірдің дамыуымен қатар, рухани дүниелердің кең қанаттануына және келген зияратшылар асыл құндылықтарды үйренуіне мүмкіндік ашады. 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру