Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти Түркияның еліміздегі Елшісін қабылдады

02.01.2016 4107 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Ұянық мырзаны өз өтініші бойынша қабылдады.

Мәртебелі мейман мен Бас мүфти бауырлас елдер арасындағы рухани, діни саладағы байланыстар мен ізгі жұмыстар туралы пікір алысты. Ержан қажы Малғажыұлы еліміздегі діни тұрақтылық пен рухани келісімнің нәтижесінде Ислам діні дамып, насихат жұмыстары жанданып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар 2015 жыл Діни басқарма үшін нәтижелі, елеулі іс-шаралар жылы болғанын тілге тиек етті. Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі жобаларына қолдау көрсетіп келе жатқан бауырлас елдің басшысына, Дін істері басқармасының төрағасы Мехмет Гөрмез мырзаға алғыс білдірді.

Өз кезегінде Елші мырза Бас мүфтиге де жылы лебізін білдіріп, Қазақстан мен Түркияның діні, тамыры бір бауырлас ел екенін атап өтті. Екі елдің арасындағы байланыс болашақта да жалғаса беретінін жеткізді.

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру