Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти «Үшқоңыр» мешітінің ашылу салтанатына қатысты (ФОТО)

28.12.2015 4838 0 пікір

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылында сәні мен сәулеті жарасқан мешіт ашылды. Құлшылық үйінің ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты. 

Бас мүфти салтанатты шарада сөз алып, халықты жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады.

«Біз әрдайым мешіттеріміздің ғибадат орны ғана емес, сондай-ақ діни-рухани орталыққа да айналуын мұрат етеміз. Құдайға құлшылық ету үйінің шаңырақ көтеруіне демеушілік жасаған үлкен жүректі, игі тілекті абзал азаматтарға алғыс білдіремін. Пайғамбарымыз (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде кім Алланың разылығын қалап мешіт тұрғызса, Алла Тағала оған жәннатта сондай үй тұрғызады» деген. Елімізде мешіт салуға ат салысқан әрбір азаматтарға Жаратқанның нұры жауғай, өздеріне зор денсаулық, жасап жатқан іс-амалдарына Алла Тағаланың береке-бірлігі болсын», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Жаңа мешіттің құрылысы 2015 жылдың көктемінде басталған. Құлшылық үйінің сыйымдылығы 400 адам. Мешіт жылу, су жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Мешіттің бас имамы болып Арман Оразұлы тағайындалды.

ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру