Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"ХАБАР" арнасы: Мұсылман жұртшылығы мәуліт айын тойлауда (+ВИДЕО)

24.12.2015 4729 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мұхаммед Пайғамбардың дүниеге келген айы құрметіне мерекелік концерт өткізді.

Жиналған қаржы қайырымдылық мақсатында жағдайы төмен отбасыларға үлестірілді. 

Адамдардың абзалы атанған, Алланың елшісі  Мұхаммед Пайғамбардың туған күні діни терминде «Мәуліт» деп аталады. Әлем мұсылмандары мұндай мерекені бір ай бойы тойлайды. Бұл уақытта құлшылық жасаумен қатар шариғат шеңберінде Пайғамбарға арналған қасида, өлеңдер оқылып, нәбидің өмірбаяны дәріптеледі. 

Ислам – қайырымдылық, мейірімділік ұғымымен ұштасқан дін. Дәстүрге сай концерттен түскен қаржы жағдайы төмен отбасыларын қолдауға жұмсалады. Биыл елордада 8 көмекке зәру жанға жүз мың теңгеден берілсе, былтыр Алматыда өткен дәл осындай жиында 1 жарым миллион теңге жоқ-жітік жандарға үлестірілген еді. Бас мүфтидің айтуынша, еліміздің әр өңірінде бір ай бойы Мәуліт мерекесі тойланып, садақа беріледі. 

Ержан қажы Малғажыұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти 

-Мақсатымыз Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірінен жастарымыз ғибрат алсын, өнеге-үлгі алсын деген ниетпенен бүгінгі кешті өткізіп жатырмыз. Бұның ерекшелігі өзіміздің дәстүрімізбен байланысқан түрде өтеді. Біздің негізгі міндетіміз кішкене артығырақ қаражат түскен болса, жанағы мұқтаж адамдарға берсек деген ниетіміз бар. 

«Қазақстан» орталық концерт залына жұртшылық көп жиылды. Кеште адамгершілік, шүкіршілік, құлшылық тақырыптары ғана қозғалған жоқ. Тәрбиелік мағынасы зор сахналанған қойылымдар  қойылып, қазақтың жыр-термелері орындалды. Одан өзге діни басқарма жариялаған тарихи-танымдық деректі фильмдердің жеңімпазы марапатталды. Үздік туындыға 1 миллион теңге табысталды. 

Авторлары: Гауһар Омарбек, Абдулла Исаев
khabar.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру