Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти Мысырда Жоғарғы Кеңестің жаңа ғимаратының ашылуына қатысты (ФОТО)

17.12.2015 4189 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Египет Араб Республикасына жасаған ресми сапары аясында 22 мұсылман мемлекеттері Бас мүфтилерінің қатысуымен құрылған әлемдік пәтуа шығару Жоғарғы Кеңесінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты.

Мысыр мүфтиі мәртебелі меймандарға Жоғарғы Кеңестің жұмысымен таныстырып, жоспарларымен бөлісті.

Сапар барысында Ержан қажы Малғажыұлының ұсынысымен қазақстандық теолог-ғалымдар Мысырдағы пәтуа шығару Жоғарғы Кеңесінде тәжірибе алмасу курсынан өтіп, пәтуа беру тәсілдерін үйреніп, білімдерін жетілдіріп қайтатын болды.

muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру