Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти халықаралық Ислам ғұламаларының конференциясына қатысты

15.12.2015 3807 0 пікір

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы бастаған қазақстандық делегация Египет Ислам Республикасының астанасы Каир қаласында өтіп жатқан халықаралық басқосуға қатысты.

22 елдің Бас мүфтилері қатысып жатқан конференция жұмысында қазіргі әлемдегі діни жағдайларға қатысты баяндама жасалып, ортақ өзекті діни мәселелер туралы пәтуа шығарудың әдіс-тәсілдері талқылануда.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірегейі – қоғамдағы өзекті діни мәселелердің шариғат тұрғысынан үкімін айтып, пәтуасын шығару. Діни басқарманың құқығына берілген мәртебелі міндетті асқан жауапкершілікпен орындау – біздің басты назарымызда. Бүгінде зайырлы қауым мен мұсылман қоғамы арасында Діни басқарманың шығарған пәтуалары үлкен мәнге ие болды. Атап айтқанда, науқастан медициналық аппаратты ағыту, такфир жамағаты, мұсылманның тұлғалық келбеті, имамның тұлғалық бейнесі, педофилизм, этилдік спирті бар дәрі-дәмекті пайдалану, түсік жасату, т.б. пәтуалар қоғамдық пікір қалыптастырып үлгерді. Әрбір пәтуа мазмұны халқымыздың рухани дамуы мен діни сауатын ашуға, ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға бағытталады. 2015 жылы Ғұламалар Кеңесінің отырысында 31 мәселе талқыланып, 13 пәтуа қабылданды. Бүгінгі халықаралық деңгейдегі отырыс ғұламаларымыздың пәтуа шығару саласында тәжірибе алмасуына мол мүмкіндік береді», – деп атап өтті Ержан қажы Малғажыұлы.

ТМД аумағы бойынша тек Қазақстаннан барған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының осы сапар аясында бірқатар ресми кездесулері өтеді. Делегация құрамында Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Есмағанбет бар. 

muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру