Елбасы Жолдауында айтылған елді бірлікке шақыру, жастарды еңбекке тәрбиелеуде дінқызметкерлерінің орны ерекше және имамдардың жауапкершілігі зор.
Осы мақсатта Діни басқармада ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматы қаласының имамдарымен кездесу өткізді.
Жиында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы 30 қараша күні Астанада өткен Президенттің Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты кезекті Жолдауы туралы түсінік берді.
«Елбасының Жолдауында айтылған әр мәселе мен тапсырмалар тек ресми мекемелерге ғана емес, дін саласының мамандарына да қатысты. Бүгінде Діни басқарманың елді бірлікке шақыру, үздіксіз сатылы діни білім беру, жастарды еңбекке баулу, қайырымдылық жасау бағытында атқарып жатқан жұмыстары Елбасының мемлекеттің алдына қойған жұмыс бағдарымен де үндесіп жатыр. Әр имам қазіргідей өтпелі кезеңде елді бірлікке шақырып, жастардың діни сауаттылығын арттырып талмай еңбек етуі керек», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Кездесу барысында тақырыпқа қатысты қала имамдары баяндама жасап, өз ойларын айтып, мешіттер мен медреселерде Елбасы жолдауы талқыланып жатқанын жеткізді.
Жиынға Діни басқарманың бөлім басшылары, Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет және қала имамдары қатысты.
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.12.2015
4047
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру