Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірттер "Хасеки" академиясына 6 айға оқуға аттанды

03.12.2015 4939 0 пікір

Алматыдағы "Нұр-Мүбәрак" университеті мен еліміз бойынша медреселерді үздік тәмамдаған 29 шәкірт Түркияның "Хасеки" академиясына оқуға түсті. Олар әуелі 6 ай дайындық курсынан өтіп, ары қарай оқуларын жалғастыратын болады.

Жуырда Алматы Орталық мешітінде үздік шәкірттерді оқуға шығарып салу шарасы өтті. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлім меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов білім алуға аттанған талапкерлерге батасын беріп, дұға жасады.

Айта кетейік, Қазақстан және Түркия мұсылмандары діни басқармалары арасындағы келісімге сәйкес, қазақстандық болашақ дін қызметкерлері бауырлас елдің "Хасеки" академиясында білімін жетілдіріп келеді. Бұл осымен шәкірттердің үшінші легі. Алғашқы топ 2016 жылдың жаз маусымында дипломмен елге оралып, діни қызметке кіріспек.

ҚМДБ Баспасөз қызметі
www.muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру