«Иман» журналының басылымның биылғы соңғы №12 саны да оқырмандарына жол тартты. Онда жарияланған материалдармен қысқаша таныстырайық. Журнал «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Салауат сыры» мақаласымен ашылған. «Пәтуә» айдарымен «Жасанды ұрықтандырудың үкімі», «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Фил сүресі», «Сахих хадистер» айдарымен Абдуссамат Махаттың «Қарыз және қыз тәрбиесі» тәржімасы, «Уағыз» айдарымен Осман Нұри Топбаштың «Сахабалардың Расулалланы (с.ғ.с.) жақсы көруі», «Сүйіспеншілік» айдарымен «Мәуліт мұсылмандардың мейрамы», «Білгенге маржан» айдарымен «Алла Елшісі (с.ғ.с.) туралы деректер», «Таным» айдарымен «Салауат айтудың артықшылығы», «Ғибрат» айдарымен «Зәйдтің (р.а.) таңдауы» және «Хазреті Әлидің (р.а.) өсиеттері», «Балаларға базарлық» айдарымен «Эфиопияға қоныс аудару», «Уақыт үні» айдарымен «Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы» және «Өз құндылықтарымызды жандандырайық», «Жадыңызда жүргей» айдарымен «Әйелдердің жамағат намазына қатысуы», «Фиқһ» айдарымен белгілі исламтанушы Қайрат Жолдыбайұлының «Намазда аяқты аяққа тигізіп тұру міндет пе?» деген мақалалары жарық көрген.
Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол бірқатар мақалалар жарияланған. Атап айтқанда:
«Әдеп» айдарымен «Сәлемдесе білесіз бе?», «Иләһи жыр» айдарымен «Жаралғаныңа қуан», «Ой кешу», «Алла сақтансаң сақтайды» айдарымен «Жүректің күнәға үйренісуі», «Ой салу» айдарымен «Көршіңізбен қалайсыз?», «Парыз» айдарымен «Зекеттің дұрыс берілуінің қосымша шарттары», «Сіз білесіз бе?» айдарымен «Сырқат та сынақ», «Мәселенің мәнісі» айдарымен «Өзіне қол салғанға жаназа оқыла ма?», «Ғибрат» айдарымен «Дүние деген шолақ», «Тағылым» айдарымен «Мұрат Мөңкеұлы», «Ойласу» айдарымен «Екі түрлі жағдай» және «Шақырған жерге барасыз ба?», «Керекті кеңес» айдарымен «Күйік шалғанға алғашқы жәрдем» деген танымдық материалдардың өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2016 жылға жазылу әлі жүріп жатқанын оқырман қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 14 жылдан бері жазылу бағасы бір деңгейде сақталуда. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе мешітке барып жазылсаңыз, келесі жылдан бастап осы басылымның жаңа саны қолыңызға тиетін болады.
«Иман» журналына «Қазпошта» АҚ арқылы жазылу бағасы:
1. Алматы қаласы тұрғындары үшін 1 жылға – 3019 теңге 08 тиын;
2. Астана қаласы мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін 1 жылға – 3084 теңге 12 тиын;
3. Аудан және ауыл тұрғындары үшін 1 жылға – 3127 теңге 56 тиын.
Бір жылға толық жазылсаңыз басылымнан қол үзбейсіз.
Ал, мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 2 640 теңге. Мешіттер арқылы жазылушылар үшін журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады.
Құрметті оқырман, әлбетте, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болыңыз.
Оқырман есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық жиындар мен басқа да іс-шаралар өткізгісі келушілер онда «Иман» журналының алдағы шығатын кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-на дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
«Иман-Сенім» ЖШС реквизиттері
БИН 120940011498
Р\С KZ 288560000005684077
АО «Банк Центр Кредит»
БИК KCJBKZKX
KBE 17
РНН 600900658515
050016, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12
Бұл үшін басылым редакциясына мына телефондар арқылы алдын ала хабарласа аласыз:
8 (727) 397 63 84, 397 63 91, +7 778 948 74 10
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.11.2015
4003
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру