Діни білім алудың бастауы – мешіт. Бұл туралы «Нұр-Мүбәрак» университетінде «Діни білім тұтастығы – діни тұрақтылық кепілі» атты республикалық тәжірибелік конференцияда ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейтбеков айтты.
«Діни білім алудың бастауы – мешіт. Мешітте ұйымдастырылып жатқан сауат ашу курстары осы қызметті атқарып келеді. Қай ғасыр болмасын мұсылмандар діни білімнің бастауын мешітте алған. Дініміздің білімге деген талабын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз кезегінде жүйелі жолға қоюда. Қол жеткізген діни білім беру сатылары өз кезегінде мешіт жанындағы діни сауат ашу курстары, одан кейін медресе, университет және магистратура мен доктарантураға жалғасуда», – деді Смайыл Сейтбеков өз баяндамасында.
Конференцияда имамдардың жан-жақты дамуын, қоғамның рухани сұранысын қанағаттандыруға қатысты бірқатар мәселелері талқыланып, діни білім беруді жетілдіруге арналған тұжырымдама қабылданды.
Республикамыз бойынша 751 мешітте діни сауат ашу курстары жұмыс істеуде. Аталған курстарда 2015 жылы 48 000 адам сауат ашты.
ҚМДБ баспасөз қызметі
mutyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.11.2015
3822
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру