Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти: Санға емес, сапаға жұмыс істеуіміз тиіс!

25.11.2015 4416 0 пікір

Алматыда ҚМДБ өкіл имамдарымен, медресе директорларымен, қарилар дайындау орталықтары жетекшілерімен өткен ресми кездесуде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осылай мәлімдеді.

«Біз өзіміздің діни оқу орындарымызға, мәселен «Нұр Мүбәрак» университетіне, 9 медресеге, қарилар даярлау орталықтарына түсетін шәкірттердің санына емес, сапасына көбірек мән беруіміз керек. Білімді діни маман халықтың сауатын ашып, дұрыс діни ақпарат жеткізеді. Сондықтан діни оқу орындарына шәкірт қабылдау жөніндегі комиссия мүшелері осыған мән беруі керек. Оқуға қабылдау талаптарын күшейтуіміз қажет. Сонда жұмыс нәтижелі болады», – деді ҚМДБ төрағасы Е.Маямеров.

Басқосуда медреселердің оқу бағдарламасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу, медресе ұстаздарының білімі мен тәжірибесін арттыру мәселесі талқыланды.

www.muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру