Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: конференцияда тұңғыш рет Тұжырымдама қабылданды (ФОТО)

24.11.2015 4247 0 пікір

Бүгін Алматы қаласында еліміз бойынша мешіттерде, медреселерде, діни сауат ашу курстарында діни білім беруді жетілдіруге арналған республикалық конференцияда «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы» атты тұңғыш рет тарихи құжат қабылданды.

Тұжырымдама – діни білім беру жүйесі бойынша бағыт-бағдарымызды айқындайтын, жолымызды көрсететін бағдаршам іспетті басты стратегиялық құжатымыз. Тұжырымдама мақсаты – жастарға, жалпы жұртымызға толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті діни білім беруде, зайырлы біліммен қоса, басқа да салаларды ұлттық құндылықтарымызбен сабақтастыра отырып түсіндіру, діни білім беруді жетілдіру. Жастарды діни экстремизм мен радикалды ағымдардан сақтандыру.

«Тұжырымдаманы қабылдаудағы мақсатымыз – халқымыздың діни, рухани қажеттілігін қанағаттандырумен қатар, көп деңгейлі, алуан пішінді үздіксіз діни білім берудің үлгісін, тұтас ислами оқу кешенін қалыптастыру», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

 

ҚМДБ Баспасөз қызметі

www.muftyat.kz

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру