Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Абай ауылында сәні мен салтанаты жарасқан «Аманта» атындағы жаңа мешіт ашылды.
Салтанатты шараға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, қоғам қайраткері Асқар Құлыбаев, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек және жергілікті жұртшылық қатысты.
Салтанатты шара алдымен қасиетті Құран оқумен басталды. Оны Астана қаласы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы - найб мүфти Серікбай қажы Ораз оқып, дұға бағыштады.
Осыдан кейін құттықтау сөз алған ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жиналған мұсылман жамағатын жаңа мешіттің ашылуымен құттытады. «Мешіт - елдің бірлігі мен ынтымағына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алатын ошағына айналуы тиіс» - деді Бас мүфти. Осыдан кейін мешіттің кітапханасына қасиетті Кәләм шарифті сыйға етті.
Сондай-ақ, мешіттің ашылу салтанатына елімізге танымал әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев, ақын Балғымбек Имаш, «Қоңыр» тобы сынды өнер жұлдыздары қатысып, елді жанды әндерімен тәнтті етті.
Аталмыш мешітті осы ауылдың тумасы, облыстық мәслихаттың депутаты Әсет Қайыпбековтың демеушілігімен салынды. Мешіт киелі Қазығұрт тауының етегінде, үлкен жолдың бойында орналасқан. Ғибадат үйінің сыйымдылығы 400 адамға арналған. Мешіт бүгінгі заман талабына сай етіп жасалған.
Алла құтты, берекелді етсін.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.11.2015
4992
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру