Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти діни бағыттағы жұмыстарды дамытуға арналған жиналыс өткізді

11.11.2015 4461 0 пікір

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Діни басқарма қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында жұмыс жасауда басымдық беретін бағыттардың нәтижесі мен әр бөлімнің жұмысын жандандырудың негізгі тетіктері қарастырылды. Жекелеп алғанда, Діни басқарманың 4 бағытта атқарып жатқан жұмыстарын ілгерілету, Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарды басымдыққа ала отырып жұмыс жасау мәселелері талқыланды.

Шара соңында Бас мүфти әр бөлімге діни бағыттағы жұмыстарды ары қарай дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.

ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру