Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Мәңгі мұғжиза» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті

03.11.2015 5018 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасында ғұламалардың кезекті кеңес үстінде жағымды жаңалық болды. Жиырма бес жылдық дайындығынан кейін қаламын қолға алып, Құранның алғашқы пара аяттарын мағыналық жағынан аударып, соған терең тәпсір жазған Мұхитдин Исаұлының «Мәңгі мұғжиза» (Құран шапағы) атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітаптың көлемі үлкен әрі төрт жүз бетке жуық. Бұрынғы тәпсірлерден бұның бір ерекшелігі әр бір аятқа жеке-жеке тоқталып, кеңінен түсінік берілген.

Тұсаукесер рәсімін жүргізген наиб мүфти Серікбай қажы Ораз осы кітапқа ерекше илтипатын білдіре отырып: «Құрметті Мүфти хазірет! Елімізде үлкен және ағарту ғылым орталығы болып отырған Нұр-Мүбарак университетінің көп жылдардан бері маңдай терін төгіп, адал қызмет етіп келе жатқан және осы халық арасында елге сыйлы азамат әрі әріптесіміз, жолдасымыз Мұхитдин Исаұлы бауырмыздың «Мәңгі мұғжиза (Құран шапағы) атты мына бірінші кітабы жарық көрді. Бұл Құран – сөзсіз, Мәңгі мұғжиза. Бұл жерде тәпсір мен тәуилдің мағыналарын және көптеген терминдерге анықтамалық беріп, сүрелердің барлығының тарихтарына тоқталған. Құранның аудармасын, тәпсірін жазып жүрген азаматтар бар. Бұл жердегі Мұхаңның ерекшелегі Құранның мұғжизасын басқа бір қырынан әлі де көрінбей жатқан, халыққа жеткізе алмай жатқан жағынан алды деп ойлаймын», - деп, Бас Мүфтиге сөз берді.

Хазірт Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы өз сөзінде: «Мәке, бұл сіздің еңбегіңіздің алғашқылары болсын, Алла Тағала сізге күш-қуат берсін, сабырлық берсін, іліміңізді арттырсын. Жалпы, Сіздердей ғұламалардың бірі осындай еңбек жазатын болса Діни басқарма қатты қуанады. Өйткені Сіздердің халықтың алдында кітап жазғандарыңыз біз үшін үлкен маңызға ие», - деп, ыстық ықылас, жылы лебізін, шынайы тілегін білдірді.

Бұл Мұхитдин Исаұлының тәпсірге қатысты алғашқы кітабы еді, әлі алда Алла жазса Құранның соңғы парасына дейін талай кітаптар жазылмақ. Кітапқа зер сала қараған ғұлама мүшелері де еңбекке қызығушылық танытып, әріптесіне Алладан медет тіледі.

muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру