Алматы қаласында өткен Орталық Азия ғұламалар форумында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы осылай мәлімдеді.
«Қазақстанның бастамасымен тұңғыш рет өтіп жатқан Орталық Азия ғұламалар форумын тұрақты түрде ұйымдастыруды ұсынамын.
Форум аясында Орталық Азия ғұламаларының Кеңесін құру қажет. Біртұтас мұсылман үмметін қалыптастыру бағытында осы Кеңестің рөлі мен ықпалын арттыруымыз тиіс», – деп атап өтті Бас мүфти.
Айта кетейік, тұңғыш рет өткен форум жұмысына Тәжікстан Республикасының Бас мүфтиі, шейх Саидмукаррам Абдулкодирзода бастаған делегация мүшелері, Қырғызстанның Бас мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтамушов, ҚР Мәдениет және спорт вице министрі Марат Әзілханов, ҚМДБ қызметкерлері, Діни басқарманың облыстардағы өкіл имамдары, теолог-ғалымдар, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері қатысты.
ҚМДБ Баспасөз қызметі,
muftyat.kz


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.11.2015
3839
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру