Бүгін елімізге ресми сапармен келген Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Елбасының қабылдауынан кейін Елордадағы еңселі мешіт – «Әзірет Сұлтанды» аралады.
Орта Азиядағы ең үлкен мешіттің рухани, ағарту, уағыз-насихат бағытындағы жұмыстарымен наиб мүфти, Бас имам Серікбай қажы Ораз таныстырды. Мәртебелі мейман Елбасы сыйға тартқан Құранның ең көне нұсқасымен, мешіт жанындағы «Хикмет» телерадио студиясының өнімдерімен, Діни басқарманың оқу құралдарымен танысты.
«Бұл – еліміздегі ең үлкен мешіт. Бір мезетте 10 мың адам намаз оқи алады. Қазақстанда сенім еркіндігі бар. Халқымыз емін-еркін құлшылық жасайды. Қазақ топырағынан әлем өркениетіне үлес қосқан ойшылдар шыққан. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Йассауилер – біздің мақтан тұтар тұлғаларымыз», – деп атап өтті Серікбай Сатыбалдыұлы.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы мешіттің жұмысына табыс тілеп, Бас имамға алғыс білдірді.
ҚМДБ Баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.11.2015
3825
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру