Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

22 Сәуір 2026

5 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Бас мүфти: Орта Азияда біртұтас мұсылман үмметін қалыптастыру үшін ортақ медреселер ашу қажет

02.11.2015 4378 0 пікір

Орта Азияда біртұтас мұсылман үмметін қалыптастыру үшін ортақ медреселер құруымыз қажет. Бұл туралы Алматыда еліміз бойынша тұңғыш рет өткен «Келісім мен жасампаздық - Орталық Азиядағы Исламның дәстүрлі негізі» атты Орталық Азия ғұламаларының форумы барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мәлім етті.

«Бізде Кеңестік дәуірге дейін жалпы мұсылман үмметін даярлауға, қалыптастыруға арналған, ата-бабамыздан келе жатқан, халқымыздың болмысымен, табиғатымен біте қайнасып кеткен дәстүрлі Орталық Азиялық өзіндік бір мектеп болған. Кейін Кеңес заманында одан айрылып қалдық. Содан тәуелсіздік жылдарында жастарымыз шет елдерге барып оқып келіп, сол оқып келген жағының мектебін енгізуге тырысты. Сондықтан біз өзімізге тән мектебімізді қайта жандандыруымыз керек. Бұл үшін ортақ оқыту бағдарламаларына сүйенген оқу орындары ашылуы тиіс. Ол қазақ, қырғыз, өзбек, тәжікке және түркімен халқына ортақ болуы керек. Ал осы бастаманы жүзеге асыру үшін осы форум аясында Орталық Азия ғұламаларының кеңесін құрған жөн. Ол сонымен қатар Орталық Азия мұсылмандарының ортақ құндылықтарын айқындайды және ортақ мәселелер бойынша орта пәтуалар шығаратын болады», - деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Сөз соңында Бас мүфти Орталық Азия ғұламаларының форумын алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіп тұруды ұсынды.

Сондай-ақ форумда Орта Азия елдеріндегі радикалды идеологияның таралуына қарсы күресу мәселелері талқыланып, қарар қабылданып, үндеу жарияланды. Сонымен қатар Ислам ғалымдары мұсылман үмметін, жалпы халықты ортақ мәзһабымыздың мәртебесін көтеріп, қоғамда тыныштық орнату, жалпыға ортақ адамгершілік құндылықтарды насихаттау, Ислам дінін болашақ ұрпаққа дұрыс жеткізу, ортақ мәдениетіміз бен дәстүрімізді жаңғырту, дамыту мәселелерін талқылады.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің Бас мүфтилері, беделді ғалым-теолог және имамдар қатысты.

inform.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру