Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қырғызстан мүфтиі: Діни білімі жоқ адам ғана озбырлық жасайды

30.10.2015 3959 0 пікір

Алматыдағы халықаралық форумда Қырғызстан делегациясын бастап келген Бас мүфти Мақсатбек қажы Тоқтамушов осылай мәлімдеді.

Оның пікірінше, діннің қарапайым қағидаларынан мүлдем хабары жоқ адам өзгелерге озбырлық жасап, қанын төгеді.

«Біз қазір діни экстремизм мәселесін талқылап отырмыз. Исламда экстремизм деген түсінік жоқ. Мұсылман адам өзгенің қанын төгу былай тұрсын, оған қылдай қиянат жасамауы тиіс. Террорлық әрекет жасап жүргендер – дін жамылған қара ниетті адамдар. Мұсылманды мұсылманға қарсы қойып, бүлік тудырып жатқандар – дін дұшпандары. Діни білімі жоқ адам ғана озбырлық жасайды», – деп атап өтті Қырғызстаннан келген мәртебелі қонақ.

Бүгінгі халықаралық форум соңында Орталық Азия ғұламаларының қарары қабылданады деп күтілуде. 

ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру