Басылымның 2015 жылғы қараша айындағы санында жарияланған материалдармен қысқаша таныстырайық. Журнал «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Раббыңның жолына даналықпен шақыр» мақаласымен ашылған. Онда «Пәтуә» айдарымен «Қыз алып қашудың үкімі», «Уағыз» айдарымен Осман Нұри Топбаштың «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жастарды бағалаған», «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Құрайыш» сүресі», «Өсиетнама» айдарымен «Ей, менің сүйікті балам!», «Сахих хадистер» айдарымен Абдуссамат Махаттың «Мұсылман деген кім?» тәржімасы, «Сұрақ-жауап» айдарымен «Экстрасенстер шайқасын» көруге бола ма?», «Әдеп» айдарымен «Құранды әдемі дауыспен оқу», «Раббыңның атымен оқы» айдарымен «Мал-дүниеге қатысты шарттар», «Білгенге маржан» айдарымен «Ұзақ жасағыңыз келсе», «Зерде» айдарымен «Өмір деген не?», «Ағымдар ақиқаты» айдарымен «Сәләфилік» сан соқтырды», «Фиқһ» айдарымен Қайрат Жолдыбайұлының «Имамға ұюшы да іштей сүре оқи ма?» деген тақырыптағы мақалалары жарық көрген.
Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:
«Обал» айдарымен «Ысырап етпе», «Ой салу» айдарымен «Сәләфилік» қалай таралуда?», «Ақида» айдарымен «Тәубеге келуді кешіктірме!», «Алла сақтансаң сақтайды» айдарымен «Күнәнің кесір-кесапаттары», «Иләһи ән» айдарымен «Кешір, Алла», «Құран қиссалары» айдарымен «Нұх (ғ.с.) және топан су», «Ойласу» айдарымен «Қарызы бар жәннатқа кірмейді», «Дәстүр» айдарымен «Сүндетке отырғызу» және «Адамдардың алдынан кесіп өту», «Ой салу» айдарымен «Түскі ұйқының пайдасы», «Тағылым» айдарымен «Бұхар жырау», «Тарихи таным» айдарымен «Бұйдаш хан», «Шипа Алладан» айдарымен «Сиқырдан қалай емделеді?», деген танымдық материалдар да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2016 жылға жазылу жүріп жатыр. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 14 жылдан бері жазылу бағасы бір деңгейде сақталуда. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе мешітке барып жазылсаңыз, келесі жылдан бастап осы басылымның жаңа саны қолыңызға тиетін болады.
«Иман» журналына «Қазпошта» АҚ арқылы жазылу бағасы:
1. Алматы қаласы тұрғындары үшін 1 жылға – 3019 теңге 08 тиын;
2. Астана қаласы мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін 1 жылға – 3084 теңге 12 тиын;
3. Аудан және ауыл тұрғындары үшін 1 жылға – 3127 теңге 56 тиын.
Бір жылға толық жазылсаңыз басылымнан қол үзбейсіз.
Ал, мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 2 640 теңге. Мешіттер арқылы жазылушылар үшін журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады.
Құрметті оқырман, әлбетте, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болыңыз.
Оқырман есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық жиындар мен басқа да іс-шаралар өткізгісі келушілер онда «Иман» журналының алдағы шығатын кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-на дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады:
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
«Иман-Сенім» ЖШС реквизиттері
БИН 120940011498
Р\С KZ 288560000005684077
АО «Банк Центр Кредит»
БИК KCJBKZKX
KBE 17
РНН 600900658515
050016, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12
Бұл үшін басылым редакциясына мына телефондар арқылы алдын ала хабарласуыңызға болады:
8 (727) 397 63 84, 397 63 91, +7 778 948 74 10
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.10.2015
3913
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру