ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Павлодар облысындағы іс-сапарында Павлодарлық имамдармен кездесу өткізді. Кездесуге ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исенов және қала, аудан имамдары, сонымен қатар Шарбақты ауданына қарасты ауыл имамдары қатысты.
ҚМДБ төрағасы қасиетті дініміз халқымыздың сан ғасырдан бері рухани құндылығы болып саналатынын, сондықтан да ҚМДБ-ның бастамасымен жүргізіліп жатқан «Дін және дәстүр» рухани жобасы 2018 жылға дейін жалғасын табатынын атап өтті.
«Діни басқарманың жергілікті жерлердегі өкілдері – мешіт имамдары тек дін саласында ғана емес, өзге де салаларда да өз білім-біліктіліктерін артырулары тиіс. Елбасы ел халқының алдына келелі міндеттер қоюда. Мемлекет тұтастығы, Тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жасалып жатқан игілікті істерімізді одан әрі жалғастыру қажеттігін жұртшылққа ұғындыру да діни қызметшілердің – бір міндеті. Мешіт қызметшілері исламдағы дәстүрлі бағытымыз бен түрлі теріс ағымдардың ерекшеліктерін дұрыс түсіндіру үшін халықпен, әсіресе жастармен жұмыс жүргізе білулері керек», - деді Ержан қажы Малғажыұлы.
Сонымен қатар, Бас мүфти имамдарға жыл басында өткен Републикалық бірінші имамдар форумында бекітілген басты құжат – Тұғырнаманы нақты жүзеге асыру, еліміздегі мешіт имамдарының атқаратын төрт бағыттағы іс-шараларды әрқашан басты назарда ұстау және тағы басқадай мәселелер тұрғысында келелі кеңестер берді. Діни қызметшілердің өзара тығыз байланыста болып, қызметте де, отбасылық өмірде де бір-бірлеріне сүйеу болып, ұжымның береке-бірлігін арттыру мақсатында әртүрлі рухани-мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыра білудің де маңызын ескертіп, соңында павлодарлық мешіт имамдарының атқарып жатқан жауапты да сауапты қызметтеріне табыс тіледі.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ,
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.10.2015
4092
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру