Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти «Дін бірлікке бағыттайды» атты семинарға қатысты

23.10.2015 4124 0 пікір

Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы мен «Әлеуметтік бастамалар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Дін - бірлікке бағыттайды» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету және дінаралық татулық пен келісімді нығайтуға негізделген. Семинар жұмысын ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Алмасбек Мамытбеков жүргізіп отырды.

Семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, облыстағы құқық қорғау органдарының қызметкерлері, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ-нің қызметкерлері, дінтанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мешіт имамдары, жоғары, орта арнаулы оқу орындары жастар ісі комитеттерінің төрағалары және Шымкент қаласындағы жалпы орта мектептердегі «Дінтану негіздері» пәнінің оқытушылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Алаш елі азаттығын алғаннан бері, Құдайға шүкір, тұрақты даму үстінде, қазақтың жерінде сан алуан ұлт-ұлыстың өкілі тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Осының бәрі қазақ еліне берген Тәңірдің тартуы, өлшемсіз рахымы десек, сол тәуелсіз елдің тұғырын тұғырлап, туын берік ұстайтын ел басшысын тағайындап беруі тағы бір үлкен мейірімі, нығметі деп түсінгеніміз жөн», - деді.

Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт, «Шымкент» университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Тапалов Дүйсенбек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, найб мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ-нің директоры Тұрсынбай Нұржан баяндама жасады.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру