ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Оңтүстік Қазақстан облысына іс сапары барысында облыс әкімі Бейбіт Атамқұловпен кездесті. Кездесу барысында облыстағы діни-рухани мәселелер талқыланды. Сондай – ақ, облыс тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру арқылы теріс пиғылды жат ағымдардан сақтау мәселелері айтылды.
Облыс көлемінде 11 діни конфессияға енетін ресми тіркелген 60 жергілікті діни бірлестіктер мен 790 филиалдар жұмыс жасауда. Оның ішінде исламдық бағыттағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты филиал – мешіттер саны 787, бұл республика бойынша тіркелген филиал-мешіттердің 30 пайызынан астамын құрайды.
Сонымен қатар, Бас мүфти сапар барысында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Шымкент қаласында тарихи манументтің ашылу салтанатына қатысты.
«15-ғасырда Керей мен Әз-Жәнібек қазақ даласына туын тігіп, негізін қалаған Қазақ хандығына биыл 550 жыл толып отыр. Биылғы жылды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп, «Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын» ерекше атап өтті.
Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – татулық, бірлік, берекеде жатыр. Қазақ хандығының 550 жылдық тойын атап өтілуі, бұл халқымыздың Егеменді, Тәуелсіз «Мәңгілік ел» болғанымызды дәлелдейді, - деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.10.2015
4178
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру