Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлымен кездескен Кувейт мемлекеті Әмірінің кеңесшісі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық көмек жөніндегі ресми өкілі, Әлемдік Ислам қайырымдылық ұйымының президенті, доктор Абдолла Маътуқ әл-Маътуқ мырза осылай деді.
«Сіздердің бабаларыңыз Исламды насихаттауда көп еңбек қалдырды. Біз сонау ғасырда қалған еңбектер арқылы дінді терең үйрендік. Сол үшін біз Сіздерге қарыздармыз. Біз Сіздерді Бухари мен Муслимнің немерелері деп есептейміз», – деп сөзін жалғады мәртебелі мейман.
Кездесуде әлемдік мұсылман үмбетінің бірлігін нығайту мәселесі сөз болды. Бас мүфти осы бағытта игі жобаларды жүзеге асырып жатқан Кувейт Әмірлігіне алғысын білдірді.
ҚМДБ Баспасөз бөлімі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.10.2015
3874
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру