Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі халал өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың басшыларына Діни басқарманың сертификатын табыстады.
«Халал өнімді өндіру және дамыту ұлт болашағы үшін өзекті мәселе. Халықтың денсаулығы күнделікті тұтынып жүрген тағамның сапасына тікелей байланысты. Сондықтан қазіргі уақытта халал өндірісті дамыту өте маңызды. Осы мәселелерді бір жолға қою үшін алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз», – деді «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев өндіріс ошақтарының басшыларымен кездесуінде.
«Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі ЖК «Қазаққиа», ЖШС «SULU», ЖШС «DARILIFE» кәсіпорындарына Діни басқарманың сертификатын берді.
ҚМДБ баспасөз бөлімі
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.10.2015
4933
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру