Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

22 Сәуір 2026

5 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Қазақстандық қажылардың елге қайта алмауына Сауд Арабиясындағы жүйесіздік себеп болды (ВИДЕО)

08.10.2015 4267 0 пікір

 

Қазақстандық қажылардың Жидда мен Медине әуежайларында елге қайта алмай рейстерді ұзақ күтуіне Сауд Арабиясындағы жүйесіздік себеп болған. Корольдік құрбан айтты қыркүйектің 23-нен 24-іне ауыстырғандықтан, әуе рейстері бір күнге шегеріліп, мыңдаған адамдар әуежайда қалып қойған.

Келісім бойынша ел қажыларын уақытында жеткізе алмаған "Flynas" әуе компаниясы олардың күту кезіндегі артық шығындарын өтеген. Енді алдағы күндері белгіленген 3 рейспен,  қалған мың жарым қажы елге оралмақ. Қажылықтан елге жеткізу үшін корольдіктің әуе компаниясынан 1 ғана ұшақтың бөлінгеніне Діни басқарма өкініш білдіріп, ондағы жүйесіздікті сынға алды.

СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ, ҚМДБ-ның наиб мүфтиі:

- Меккенің аэрапорты, Жидданың аэрапорты парализовался. Ешқандай да қамтамасыз ете алмайды. Автобустар жетпейді ұшаққа дейін жеткізуге. Багаждарды жеткізуге жетпейді, столиктар жетпейді. Осындай күйге түсті.

www.31.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру