Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Иман» журналының жаңа саны

30.09.2015 4430 0 пікір

«Иман» журналы, №10

Басылымның 2015 жылғы қазан айындағы №10 саны оқырманына жол тартты Онда мынадай материалдар жарияланған. Журнал «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Мұхаррам айы – жыл басы» мақаласымен ашылған. «Пәтуә» айдарымен «Жасанды түсік жасатудың үкімі», «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Мағун сүресі», «Ғибрат» айдарымен Осман Нұри Топбаштың «Исламның жас қаһармандары», «Хикаяттар» айдарымен «Алланың сүйіктісі болу», «Сахих хадистер» айдарымен Абдуссамат Махаттың «Мұсылман мұсылманға бауыр» тәржімасы, «Харам» айдарымен «Ғайбат айтпа», «Парыз» айдарымен «Неге намаз оқимыз?», «Күдікпен күрес» айдарымен «Намазды бастағыңыз келе ме?», «Әдеп» айдарымен «Құран аяттарын жаттау», «Фиқһ» айдарымен Қайрат Жолдыбайұлының «Намазда қолды кіндіктің астына байлау дұрыс па?» деген тақырыптағы мақалалар жарық көрген.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:

«Раббыңның атымен оқы» айдарымен «Зекет – кедейдің ақысы», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Періштенің құлағына шалынсын» деп айтқан дұрыс па?», «Балаларға базарлық» айдарымен «Әбу Тәліптің Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сүйеніш болуы», «Алла сақтансаң сақтайды» айдарымен «Күнәнің зардабы сол заматта болмауы мүмкін», «Құран қиссалары» айдарымен «Нұх (ғ.с.) пайғамбар», «Өсиетнама» айдарымен «Ей, менің сүйікті балам!», «Зерде» айдарымен «Діни терминдермен танысайық», «Білгенге маржан» айдарымен «Адам Ата (ғ.с.) ұрпақтарына өсиет» және «Көп балалы болудың артықшылығы», «Тағылым» айдарымен «Сүйінбай ақын», «Тарихи таным» айдарымен «Тахир хан», «Даналық» айдарымен «Бір сөз айтсаң жақсыға» термесі, «Салт-дәстүр» айдарымен «Беташар», «Қандастарға құлаққағыс» айдарымен «Пәктік тектілікті сақтайды», «Абайла да сақтан» айдарымен «Зинаға жолама», «Сіз білесіз бе?» айдарымен «Тері ақиретте куәлік етеді», «Шипа Алладан» айдарымен «Сауықтырып, жасартатын биоөнім» деген танымдық материалдар да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2016 жылға жазылу жүріп жатыр. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 14 жылдан бері жазылу бағасы бір деңгейде сақталуда. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе мешітке барып жазылсаңыз, келесі жылдан бастап осы басылымның жаңа саны қолыңызға тиетін болады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру