Әнас ибн Мәліктен риуаят етілген хадисте «Расулла (ﷺ) Мединеге келгенде қала тұрғындарының ойнап-күлетін екі мейрамы бар болатын. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Бұл қандай күн?», - деп сұрады. Олар: «Иә, Расулалла, бұл біздің жаһилиет заманындағы ойнап-күлетін мейрамдарымыз еді», - деп жауап берді. Содан кейін Пайғамбарымыз (ﷺ): «Шынында Алла Тағала екі мейрамды бұдан да жақсы екі мейрамға ауыстырды. Ол Ораза айт пен Құрбан айт», - деді». Аталмыш күннен бастап мереке боп тойланып келе жатқан бұл мейрамдардыды, сан ғасырдан бері мұсылмандықты ұстанып келе жатқан ата-бабаларымыз да өз деңгейінде тойлап отырған.
Қазіргі таңда атадан қалған асыл мұра ретінде Құрбан айт мерекесі құрметіне демалыс жарияланып, үлкен деңгейде аталып өтуде. Бұл біз үшін бір Илаһи сый екені даусыз. Осыған орай айтулы мерекені қаламыз да әр жыл сайын тойлап отыруды дәстурге айналдыруда. Үш күннен бері Алматы қаласының жұртшылығы мен мешіттері түрлі деңгейде бұл мерекені ерекше бір ынтамен тойлау үстінде. Той барысында тұрғын ел бір-бірін құттықтап, қасиетті күнді намаз оқудан бастады. Алматы қаласы бойынша 117.500 (жүз мың) астам адам Құрбан айт намазына қатысты. Құдай тағала алдындағы құлшылықтарын орындап болғасын, құрбандықтарын шалып, мерекелік дастарханнан дәм ауыз тиді. Сонан соң қала мешіттерінің ұйытқы болуымен мешітке келген жамағаттар ұлттық ойын түрлерінен бәсекеге түсіп, арнайы дайындалған шаралардың қызықтады.
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы Орталық мешіті өткендерге хатым Құран бағыштап, қала мешіттірінің жамағаттары арасында кіші футболдан жарыс өткізді. Мереке барысында балалар үйі де ескеріліп Алматы қалалы №1 балалар үйіне Орталық мешіт шәкірттері арнайы сыйлықтармен барып, балалардың жүзіне күлкі ұялатты.
Әуезов ауданы Таугүл-3 пен Музаммил мешіттері Хандықтың 550 жылдығына орай ақ дастархандарын жайып, балаларға арналған арнайы шаралар өткізіп Құрбан айт қарсаңында бүлдіршіндерді мәз-майрам етті.
Қала бойынша шалынған құрбандықтардың еті әлеуметтік жағдайы төмен 2431 отбасы мен 12 мемлекеттік мекемелерге (қарттар, балалар, мүгедектер үйі) таратылды.
Алматы Орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.09.2015
3998
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру