


Мекке қаласының Арапат аймағында «Бір мезетте – бір ниет» деген атпен өткен дұға жасау рәсіміне Қазақстан қажылары қатысты.



Қажылар үшін игі дәстүрге айналған іс-шараны Қазақстан Қажылық Миссиясының төрағасы Ғылымбек Мәжиев ашып берді. «Бүгін баршамыз үшін елеулі сәт, дұға қабыл болатын мезгіл. Халқымыздың бірлігі мен еліміздің игілігі үшін дұға жасау – әрбір мұсылманның асыл міндеті деп санаймын. Алла Тағала жасаған дұға-тілектерімізді қабыл етіп, Отанымызға аман-есен оралуды нәсіп еткей. Қажылықтарыңыз қабыл болсын», – деп атап өтті Ғ.Жәдігерұлы.








Дұға жасау рәсіміне қатысқан ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшесі, белгілі дінтанушы Әбсаттар Смановтар көпшілік алдында Жаратқаннан жарылқау тілесе, Қажылық Миссиясының мүшесі, ғалым Ерсін Әміре дұға етудің артықшылығы, құлшылықтағы шынайы ниет тақырыбында уағыз айтты.






Қажылық Миссиясының ақпарат бөлімі
Суреттерді түсірген – Қайсар Тұрлыбеков
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.09.2015
4397
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру