Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде бүгін Құрбан айт намазын оқуға келген халықтың көптігі соншалық, құлшылық ордасының атшаптырым ауласында иін тірескен жұрттың арасынан ине шаншар орын табылмады. Аспан астында айт намазын оқыған ағайындар күннің суығына қарамастан құлшылықтарын өтеді.
Жалпы сыйымдылығы 10 000 жанға лайықталған алып мешіттің іші таң намазы кезінде-ақ толып қалған еді. Жиналған жамағатқа «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Құрбан айт жайлы уағыз айтып, қасиетті мейраммен құттықтап өтті.
Еліміздің Бас мешітіндегі айт намазына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, еліміздің тыныштығы мен амандығын тілеп, жамағатпен бірге дұға жасады.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.09.2015
3981
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру