Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазақстан қажылары – Мина жазығында (ФОТО)

23.09.2015 4066 0 пікір

Елімізден келген 4 мыңнан астам отандастарымыз Мекке маңындағы Мина жазығына келіп жайғасты.

Қазақстан Қажылық Миссиясы уағыз-насихат бөлімінің жоспары бойынша қажылық фирмаларын аралап, жерлестерімізге уағыз айтады. Бекітілген уағыз тақырыптарына сәйкес, арапа күнінің артықшылығы, Минада дұға жасаудың маңыздылығы, дұға жасаудағы шынайы ықылас туралы керек кеңестер мен насихаттар жүргізіледі.

«Қазір қажыларымыз Мина жазығына жиналды. Жоспарымыз бойынша уағызшыларымыз Бауыржан Әлиұлы, Ерсін Әміре, Қасым Әшімовтер шатырда жатқан отандастарымызға уағыз айтып, сұрақтарына жауап береді», – деді Қазақстан Қажылық Миссиясы уағыз-насихат тобының жетекшісі Камалжан Тұрдыбаев.

Шатырларда дәрігерлер бөлмесі де қарастырылған. «Қажылық Миссиясы үшін алынған медициналық жедел жәрдем көлігі кез келген уақытта қажыларымыздың шақыртуы бойынша қызмет жасауға дайын», – деп атап өтті дәрігерлер тобының жетекшісі Ерлан Әбдірашев.

Оның айтуынша, қазір қатты науқастанған адам тіркелмеген.

Айта кетейік, бүгін қажыларымыз Мина жазығына түнеп, таңертең Арапа тауына жол жүрмек.

 

Қазақстан Қажылық

Миссиясының ақпарат бөлімі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру