Мекке қаласында жұмысына кіріскен Қазақстан Қажылық Миссиясы қызмет сапасын арттыру мақсатында арнайы медициналық жедел жәрдем және қоғамдық көлікті жалға алып, жерлестеріміздің игілігі үшін пайдалануда. Қазақстан Қажылық Миссиясына тиесілі көліктер 24 сағат бойы қызмет етуде.
«Қажылардың арасында қарияларымыз, ата-әжелеріміз көп. Ол кісілердің денсаулығын күнделікті бақылап, тиісті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп отырамыз. Миссияның медициналық көмек көрсету орталығын ашып, жедел жәрдем көлігін алдық. Біздің дәрігерлеріміз кез келген уақытта шақырту түскен орынға барып, қажыларымызға медициналық көмек көрсетуде. Аллаға шүкір, қазір отандастарымыздың денсаулығы, жалпы ахуалы жақсы. Әрбір қажылық фирмасында дәрігерлер күндіз-түні жұмыс істеуде. Сонымен қатар Қажылық Миссиясындағы бес білікті дәрігерлеріміз қосымша науқастарды қабылдап, қажетті ем-дом жасап келеді. Ал қоғамдық көліктің көмегімен қажылық фирмалардың қызметіне тексерулер жүргізіп, қажыларымызбен кездесулер өткізіп жатырмыз», – деп мәлімдеді БАҚ өкілдеріне Қазақстан Қажылық Миссиясының төрағасы Ғылымбек Мәжиев.
Қажылық Миссиясының ақпарат бөлімі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.09.2015
3815
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру