Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти: Құрбан айт мерекесі жоғарғы деңгейде аталып өтеді

22.09.2015 4029 0 пікір

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамын биыл да жоғарғы деңгейде ұйымдастыруда», – Бұқаралық Ақпарат Құралдары өкілдерімен сұхбатында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осылай деді.

Бүгін ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы баспасөз конференциясын өткізді. Сұрақтар негізінен биылғы Құрбан айт мерекесінің ерекшелігі мен дайындық жұмыстары және атқарылатын іш шараларға байланысты болды.

«Биыл еліміздегі барлық мешіттер Құрбан айт мейрамын жоғары деңгейде, дәстүрімізге сай ұлттық нақышта атап өтеді. Облыс, аудан, ауыл, қала имамдарына мешіттердің ауласында киіз үйлер тігіп, ұлттық ойын түрлерінен арнайы жарыстар өткізу, құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіру, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру туралы нақты тапсырмалар берілді», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Қазіргі уақытта ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі құрбандыққа шалынатын малды шариғат талаптарына сай қалай сойып, қалай бөлшектеу керектігі туралы еліміз бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, Діни басқарманың Астана және Алматы қаласы әкімдіктерімен келісімінің нәтижесінде Алматыда құрбан шалуға арналған 20 орын бөлінсе, ал Астанада 8 орын бөлінді. 

ҚМДБ баспасөз қызметі

muftyat.kz


 

.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру