Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қажылық Миссиясы: Меккеде медициналық орталық ашылды (ФОТО)

18.09.2015 3952 0 пікір

Мекке қаласында ресми қызметіне кіріскен Қазақстан Қажылық Миссиясының Бас кеңсесінде қажылар үшін медициналық орталық ашылды.


Медорталықтың ашылу рәсіміне Миссия төрағасы Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ бөлім меңгерушілері, теолог-ғалымдар, қазақстандық дәрігерлер қатысты.

Қажылық Миссиясының мүшесі, дәрігерлер тобының жетекшісі Ерлан Әбдірашев Ғ.Жәдігерұлына медициналық орталықтың жұмысымен таныстырды.


«Біз жыл сайынғы дәстүр бойынша өзіміздің отандық дәрі-дәрмектерімізді алып келдік. Медорталықта қажыларымыз үшін ең қажетті әрі тез әсер ететін дәрілер бар. Дәрігерлеріміз қазір қызметіне кірісіп кетті. Біз қажыларымызға 24 сағат бойы қызмет көрсетуге дайынбыз», – деді дәрігер-хирург Е.Әбдірашев.


Медорталықта стационарлық көмек те көрсетіледі. Топ жетекшісі күндізгі және түнгі ауысыммен үздіксіз алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.


Миссия төрағасы Ғылымбек Жәдігерұлы медорталықтың жұмысына сәттілік тіледі. «Алла Тағала сіздерге қуат берсін. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бүкіл қазақстандық қажыларымыздың денсаулығын сіздерге аманат етіп тапсыруда. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», – деді ол.

Қазақстан Қажылық Миссиясының ақпарат бөлімі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру