Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары Серікбай қажы Ораз Мәдина қаласында Қазақстан Қажылық Миссиясының мүшелері, яғни бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті.
Наиб мүфти биылғы қажылық маусымы, Қажылық Миссиясы тарапынан атқарылар ауқымды іс-шаралар, ұлы сапардағы қайырымдылық жұмыстар, қажылықтың жауапкершілігі туралы «Қазақстан» ұлттық арнасына, «Қазақ радиосына», «Асыл арна» телеарнасына, www.nur.kz порталына сұхбат берді.
«Қажылық – ұлы құлшылық. Ұлы сапардан алатын ғибрат көп. Қажылықтың қадірі мен қасиетін халыққа насихаттауда ақпарат құралдарының рөлі зор. Біз жыл сайын Қажылық Миссиясына мүше ретінде журналистерді қабылдаймыз. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Біздің сіздермен бірге бірігіп атқарған жұмыстарымыз нәтижелі болады деген сенімдемін», – деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.
Кездесуден кейін наиб мүфти «Асыл арна» телеарнасына арнайы сұхбат берді. Телесұхбатта қажылықтың қадір-қасиетінен бөлек бүгінгі мұсылманның болмысы, мұсылман үмбетінің үлгі тұтар құндылықтары сөз болды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.09.2015
4457
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру