Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қажылық компанияларының қызметін тексеру жұмыстары басталды (ФОТО)

16.09.2015 4322 0 пікір

Мәдина қаласында Қазақстан Қажылық Миссиясының төрағасы Ғылымбек Мәжиев қажылық компанияларының қызметімен, қонақүйлердегі жерлестеріміздің ахуалымен, тыныс-тіршілігімен танысты.

Тексеру жұмыстары «Қызмет саяхат», «Иман тур» қажылық компаниялынан басталды. Қажылармен жеке кездесулерде олардың денсаулығы, уағыздардың айтылуы, діни ағарту-түсіндіру жұмыстарының жүйелі жүргізілуі, компания өкілдерінің қызмет сапасы, қонақүйлердегі тазалықтың сақталуы, азық-түлік пен тамақтың медициналық талаптарға сай болуы, т.б. жағдайларға аса мән берілді.

«Сіздерге сапалы қызмет көрсету – Қажылық Миссиясының, қажылық компания жетекшілерінің міндеті. Ұсыныс-пікірлеріңіз болса, біз оны жүзеге асыруға әрқашан дайынбыз. Бас мүфтіміз Ержан қажы Малғажыұлы қажыларымызға қамқор болуды, діни рәсімдерді дұрыс атқаруға көңіл бөлуімізді тапсырған болатын. Алла Тағала баршамыздың қажылығымызды, әрбір қайырлы амалдарымызды қабыл етіп, елге аман-есен жетуімізді нәсіп етсін», – деді Ғ.Мәжиев.

Миссия төрағасы қажылармен жеке кездесу барысында дәрігерлер тобының жетекшісі Ерлан Әбдірашев мырзаны таныстырып, медицина мамандары кез келген уақытта алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Ал уағыз айту, пәтуа беру жұмыстары теолог-ғалымдар – Ерсін Әміре мен Бауыржан Әлиұлына жүктелгенін қаперге салды.

ҚМДБ Қажылық Миссиясы қажылық компанияларының жұмыстарын жіті бақылау, тексеру құқығына ие. Айта кетейік, бүгінде елімізден барған 4 мың отандасымызға 20 қажылық компаниясы қызмет көрсетуде.

Қажыларымыздың алғашқы легі қасиетті Мекке қаласына табан тіреді.

 

ҚМДБ Баспасөз қызметі

www.muftyat.kz    

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру