Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: Алғашқы топ сауапты сапарға аттанды (ФОТО+ВИДЕО)

13.09.2015 4567 0 пікір

Биыл елімізден қасиетті қажылық сапарына 4 мыңнан астам адам аттанады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз отандастарымыздың алғашқы тобын сауапты сапарға дұға-тілекпен шығарып салды.

Қажылық ғибадатын өтеу - Алланың ұлы нығметі. Наиб мүфти Серікбай қажы Ораз осындай сауабы теңдессіз ұлы сапарға баруымыз әуелі Жаратушы Иеміздің, содан кейін тәуелсіздігіміздің арқасында жүзеге асып жатқанына тоқталды.

«Қажылық - сауапты сапар, қиындығы мол, риясыз тақуалықты талап ететін ғибадат. Сіздер дұға-тілек қабыл болатын орындарға бара жатырсыздар. Сондықтан қасиетті орындарда еліміз үшін, халқымыздың ынтамағы пен бірлігі үшін, отбасыларыңыздың амандығы мен саулығы үшін бата жасаңыздар. Мұхаммед пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) «Қабыл болған қажылықтың қайтарымы – тек қана жәннат», – деген. Қасиетті сапарға аттанған барша қажыларға сәт сапар тілейміз», – деді наиб мүфти Серікбай қажы Ораз.

Биыл еліміздің қажылары қасиетті сапарға жол тартпас бұрын алдын ала тыңғылықты дайындықтан өтті. Дін қызметкерлері Меккеге баратын жамағаттың діни сауатын ашып, қажылық амалдарын қалай өткеру керектігін үйретті. Тіпті әрқайсысының денсаулығы да жіті тексеруден өтті. Айта өтейік қажыларға отыз шақты имамдар мен дәрігерлер қызмет көрсететін болады.

ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру