Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти: Жат ағыммен қоғам болып күресуіміз керек!

04.09.2015 5047 0 пікір

Кеше Астанадағы «Президент телерадиокешені» ғимаратында белсенді жастармен кездесуі кезінде Бас мұфти Ержан қажы Малғажыұлы жастарды жат ағымға барғызбаудың жолын қоғам болып қарастыру керек екендігін айтты.

«Осынау алмағайып заманда біздің елімізге тек бірлік керек. Жастар жақсы жұмыс жасағаны жөн. Қазір көріп отырсыздар, «ИМ» деген шықты. Бұл бір елге ғана емес, бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұр. Күннен-күнге қуаты күшейіп жатыр. Біздің кей жастарымыз да солардың сөзіне еруде. Сондықтан біз жастардың жүрегіне елдің ертеңі жайлы сенім ұялатқанымыз абзал», - деген ҚМДБ-ның төрағасы радикалды ағымдардан сақ болуға шақырды.

«Ислам тарихында түрі мыңнан асатын ағым болған. «Ағым» деген аты айтып тұрғандай ағып өте шығады. Бірі кетсе бірі келеді. Бүгінгі таңдағы ваххабизм де бір ағым. «Ағым» деген нәрсені көптеген адамдар елге қаупі жоқ деп жеңіл ойлайды. Олай емес. Ол атом бомбасынан да күшті. Ол адасқан жастардың мыина түскен вирус. Қазір жастардың уланған санасын ояту өте қиын мәселе. Оларға қалай ақыл айтсаң да бекер. Оданда оларды сол жолға барғызбаудың жолын қоғам болып қарастырған дұрыс. Жалғыз имамдарға жүктеп қойғаннан ештеңе өнбейді. Ең қиыны біз солардың барлығының соңында келе жатырмыз. Өкініштісі де сол, жастар бірінші солардан ақпарат алып үлгереді»,-деген Бас мүфти жат ағымдармен жалпы болып күресу керек екендігін айтты.

«Өзге ағыммен қоғам болып күресуіміз керек. Біз басқарма жанынан республикалық ақпаратық-насихат тобын құрғанбыз. Бұл топ бүкіл Қазақстанда, елді мекендерде кездесулер өткізіп, радикалды топтардың белгісі, оның елімізге қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріп келеді. Былтыр сол РАНТ бөлімінің арқасында 550 баланың «беті бері қарап», дәстүрлі дінімізге оралды»,-дейді Е.Малғажыұлы. 

Майгүл СҰЛТАН,
baq.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру