Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Кувейттің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тарек Абдолла әл-Фараж мырзаны қабылдады.
Дінбасы мен дипломат Қазақстан мен Кувейт елдері арасындағы рухани байланыстар, діни татулық, дінде орта жолды ұстану, мұсылман үмбетінің бірлігі туралы пікір алмасты. Елші әлемдік діндераралық ортақ түсініктер мен мүдделер қалыптастыруда Елбасы бастамасымен елімізде әр үш жыл сайын өтетін дін лидерлерінің дәстүрлі съездің рөлін айрықша атап өтті.
Бас мүфти Алматыдағы «Нұр Мүбәрак» университетінен Ислам экономикасы факультетін ашу жоспарымен бөлісті. ҚМДБ төрағасы осы бағытта араб тілін жетік меңгерген болашақ дін қызметкерлерін Кувейтке тәжірибе алмасып қайтуға жіберу туралы ұсынысын білдірді. Тарек Абдолла әл-Фараж бұл ұсынысты қолдайтынын және осы бағытта арнайы кездесулер өткізетінін жеткізді.
«Біз мұсылман үмбетінің ауызбіршілігін одан әрі нығайта түсуіміз керек. Біздің бірлігімізге сызат түсіретін жағдайлардан, пікірлерден барынша алшақ болуымыз тиіс. Бірлік орнаған қоғамда дін де өркендеп, адамгершілік құндылықтар артады», – деді ресми кездесуде Ержан қажы Малғажыұлы.
Бас мүфти қадірлі қонаққа қазақы дәстүрмен дипломаттың иығына халқымыздың қазақы шапанын жауып, ілтипат білдірді.
ҚМДБ Баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.09.2015
3708
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру