Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти: БІЗ АТА ДІНІН АРДАҚТАП, АТА ЗАҢЫН ҚАДІРЛЕГЕН ХАЛЫҚПЫЗ

31.08.2015 3944 0 пікір

aa37ea27fb4257c57cc03bff870172e8Елімізде 30 тамыз – елеулі күн. Бұл – дархан көңілді, кеңпейіл, бейбітсүйгіш халқымыз бен сайын даланы мекендеген сан түрлі ұлттар мен ұлыстардың сенім еркіндігін һәм құқықтарын қорғайтын Ата Заң қабылданған тарихи дата. Конституциямыздың 20 жылдық мерейтойы құтты болсын! Жұртымызды бірлікке үндейтін, елімізді игілікке бастайтын мейрам берекелі болғай!

Біз сан ғасырдан бері сәулелі ғұмырын ізгілікке арнаған, ата дінін ардақтап, Ата Заңын қадірлеген халықпыз. Әрбір азаматқа өз елінің салт-дәстүрі, мемлекеттік рәміздері, Ата Заңы қастерлі. Салтын сақтап, заңын қадірлеген халықтың болашағы баянды болмақ.

Алла Тағала еліміздің бірлігі мен берекесін арттырып, жұртымыздың екі дүниеде де жүзін жарық еткей!

Отбастарыңызға амандық, зор денсаулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін!

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру