Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти Астанада халықаралық конференцияға қатысты

29.08.2015 4390 0 пікір

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Елордада Тәуелсіздік сарайында өткен «Конституция: халықтың бірлігі, тұрақтылық, өркендеу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Басқосуға еліміздің мемлекеттік құрылымдарының басшылары, беделді халықаралық ұйымдардың және құқық қорғау институтттарының, шетел конституциялық бақылау орындарының өкілдері, белгілі заңгер-ғалымдар қатысты.

«30 тамыз – мемлекетіміз бен еліміздің әрбір азаматы үшін елеулі күн. Бұл – баршаға ортақ айтулы мереке – Конституция күні. Біз ата дінін ардақтаған, Ата Заңын қадірлеген халықпыз. Әр азамат үшін өз елінің заңы, мемлекетінің нышаны мен рәміздері қасиетті», – деп пікір білдірді Бас мүфти бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне. 

ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру