Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Иман» журналының кезекті саны жарық көрді

26.08.2015 4197 0 пікір

Басылымның 2015 жылғы қыркүйек айындағы саны оқырманына жол тартты Онда жарияланған материалдарға қысқаша тоқталайық. Журнал «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Сәт сапар, қажылар» мақаласымен ашылған. «Пәтуә» айдарымен «Ағзаны ауыстырудың үкімі», «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Кәусар сүресі», «Жүрекпен айтыңыз» айдарымен «Кәлима-и таухид», «Шариғат» айдарымен «Қажылық қалай өтеледі?», «Қажылар назарына» айдарымен «Меккеде зиярат ететін орындар, Мәдинада зиярат ететін орындар», «Уағыз» айдарымен Осман Нұри Топбаштың «Алла Елшісі (с.ғ.с.) және жастар», «Жадыңызда жүргей» айдарымен «Зұл-хижжа айының қасиеті», «Раббыңның атымен оқы» айдарымен «Зекеттің пайдасы мен хикметі», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Қарызға құрбандық шалуға бола ма?», «Ғибрат» айдарымен «Алла үшін беру», «Сахих хадистер» айдарымен «Науқастың жағдайын сұрау тозақтан алыстатады» деген тақырыптағы мақалалар жарық көрген.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:

«Әдеп» айдарымен «Құранға құрмет», «Фиқһ» айдарымен «Сақал қоюдың үкімі қандай», «Өмірі өнеге» айдарымен «Анаға құрмет», «Балаларға базарлық» айдарымен «Сафа төбесінде Исламға шақыру», «Құран қиссалары» айдарымен «Абыл мен Қабыл», «Алла сақтансаң сақтайды» айдарымен «Күнәсіне қарай жазасы», «Зерде» айдарымен «Отанды сүю - иманнан», «Тарихи таным» айдарымен «Мамаш хан», «Тағылым» айдарымен «Ислам қазақы болмысымызда», «Сұхбат» айдарымен «Жастарымыз жат ағымның жетегінде кетпесін», «Керекті кеңес» айдарымен «Мисуак пен тіс», «Білгенге маржан» айдарымен «Мешіт әдебі», «Қысқа да нұсқа» айдарымен «Мәдениетті адам кім?», «Баспасөзден: адасқандар» айдарымен «Сирияға кеткен әйелдер...», «Оқыс оқиға» айдарымен «Құстан шошып, намазға жығылды», «Шипа Алладан» айдарымен «Қауын» деген танымдық материалдар да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2016 жылға жазылу қыркүйек айынан басталғанын оқырманның қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 14 жылдан бері жазылу бағасы бір деңгейде сақталуда. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе мешітке барып жазылсаңыз, келесі жылдан бастап осы басылымның жаңа саны қолыңызға тиетін болады.

«Иман» журналына «Қазпошта» АҚ арқылы жазылу бағасы:

1. Алматы қаласы тұрғындары үшін 1 жылға – 3019 теңге 08 тиын;
2. Астана қаласы мен облыс орталықтарының  тұрғындары үшін 1 жылға – 3084 теңге 12 тиын;
3. Аудан және ауыл тұрғындары үшін 1 жылға – 3127 теңге 56 тиын.

Бір жылға толық жазылсаңыз басылымнан қол үзбейсіз.

Ал, мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 2 640 теңге. Мешіттер арқылы жазылушылар үшін журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады.

Құрметті оқырман, әлбетте, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болыңыз.

Оқырман есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық жиындар мен басқа да іс-шаралар өткізгісі келушілер онда "Иман" журналының алдағы шығатын кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-на дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

«Иман-Сенім»  ЖШС реквизиттері

БИН 120940011498
Р\С KZ 288560000005684077
АО «Банк Центр Кредит»
БИК  KCJBKZKX
KBE  17 
РНН  600900658515

050016,  Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12

Бұл үшін басылым редакциясына мына телефондар арқылы алдын ала хабарласуға болады: 8 (727) 397 63 84, 397 63 91,  +7 778 948 74 10

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру