Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Медреселерге шәкірттер қабылдау емтиханы басталды

14.08.2015 4310 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты медреселерге 2015-2016 жаңа оқу жылына қабылдау емтиханы үстіміздегі жылдың тамыз айының 17 мен 28 аралығында өтпек.

Биылғы жылдың жағымды жаңалығы –  «Шымкент» пен «Сарыағаш» медреселерінің ер және қыздар бөліміне негізгі біліммен яғни 9-шы сыныптан кейін қабылданады. Аталмыш медреселерге арнайы біліммен келгендерге бір топ, жалпы орта біліммен келгендерге бір топтан қабылдау көзделуде. Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай. Ал негізгі біліммен келгендер медресені 3 жыл 10 ай оқитын болады.


Медреселердің емтихан қабылдау күндері


Медресе атауы

Емтихан күні

1

«Орал» медресесі

17.08.2015

2

«Ақтөбе» медресесі

19.08.2015

3

«Астана» медресесі

20.08.2015

4

«Әбу Ханифа» медресесі

20.08.2015

5

«Әбу Бәкір Сыддық» медресесі

22.08.2015

6

«Үшқоңыр» медресесі

21-22.08.2015

7

«Һибатулла Тарази» медресесі 

24.08.2015

8

«Шымкент медресесі»

25-26.08.2015

9

«Сарыағаш медресесі»

27-28.08.2015

 

ҚМДБ-ның Діни білім

және ғылым бөлімі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру