Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти «Flynas» әуекомпаниясының өкілдерімен кездесті (ФОТО)

12.08.2015 4032 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз бен ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі Қанат Бекжанов Сауд Арабия Корольдігіне іс-сапармен барды.

Ресми сапар аясында ҚМДБ Қажылық Миссиясының төрағасы Серікбай қажы Ораз Сауд Арабия Корольдігінде (САК) «Flynas» әуекомпаниясының лауазымды қызметкерлерімен келіссөздер жүргізіп, Қазақстан қажыларын тасымалдау мәселелерін талқылауда.

Айта кетсек, ҚМДБ жанынан құрылған Қажылық Миссиясы қажылық төңірегінде туындаған мәселелерді оңтайлы шешуге, Қазақстан қажыларына қолайлы жағдай туғызу мақсатында жұмыс жасауда. Осы бағытта республикалық деңгейде түсіндіру-ағарту жұмыстары жүргізілуде.

 

ҚМДБ баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру