Шешенстан президенті Рамазан Қадыров Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына қасиетті «Ораза айт» мерекесіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.
Р. Қадыров мейірімділік пен имандылық, адамгершілік сияқты асыл құндылықтар салтанат құратын Рамазан айынан кейін келетін Ораза айт мерекесі барша мұсылмандарға игілік пен жақсылық әкелсін деген тілегін жеткізген.
«Сізді мүбәрак Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылықтарымыз бен әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болсын! Алла Тағала отбасыңызға амандық, жұмысыңызға береке нәсіп етсін!», – делінген құттықтау хатта.
ҚМДБ баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.07.2015
4225
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру