Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей қаласында жаңа мешіт бой көтерді (ФОТО)

21.07.2015 4491 0 пікір

Семей қаласындағы Шығыс кентінде күмбезі көкпен таласқан Алланың үйі  тағы бір мешіт бой көтерді. Мешіт — имандылықтың, мейірімділіктің мекені. Сондықтан да, бұл бір ғана Шығыс кентінің қуанышы емес, бүкіл елдің қуанышы. 

Мешітте бір мезетте 500 адам құлшылық ете алады. Мешіттің атауы Қазақтың біртуар ақыны «Шәкәрім қажы» атына берілді. 

Мешіттің ашылу салтанаты қасиетті Ораза айтқа сай келді. Мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет арнайы қатысып, өз сөзінде ел игілігіне беріліп отырған Алла үйі халықты имандылыққа, береке-бірлікке ұйытатын қасиетті мекенге айналуын тілеп: «Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с): «Кімде-кім Алланың дидарын қалап, мешіт тұрғызған болса, Алла тағала жәннатта оған сондай үй тұрғызады», деген хадисін тілге тиек етіп, сауапты іс жасаған Алтай Жақанұлы мен Асыланбек Семейханұлы бауырларымызғаөз алғысын білдірді.

Мешіттің салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі  Ермак Бидахметұлы да  қатысып, жиналған жамағатты қасиетті Ораза айтымен және мешіттің ашылуымен   құттықтады.  Сондай-ақ, жергілікті билік өкілдері, ақсақалдар, ауыл халқы да қасиетті Алланың үйіндегі қуанышты сәтке ортақтасты.

Семей қаласының Қайрат есімді жомарт азамат Шәкәрім қажы мешітінің бас имамы болып тағайындалған Серікқали Бейсенұлына темір тұлпарды сыйға тартты. өз кезегінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жаңа мешіттің бас имамы Серікқали Бейсенұлына ісіне сәттілік тіледі.

Ардагерлер атынан сөз алған Сейтжан Тәбәріков жүрекжарды пейілін білдіріп, ақ батасын берді. Мешіттің ашылу салтанатының соңында, мұсылман жамағатына ас беріліп, жиналған көпшілік қауым  риза болып тарасты.

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

1

2

3

4

5

6

7

 

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

29

 

25

26

27

28

 

30

31

 

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру